Экспортталып жатқан алтынның бәрін өзімізде өңдеуге болады - вице-министр

22 Шілде 2025

Қазақстандық кәсіпорынның ілкі жобасы елден шикізат ретінде экспортталып жатқан алтынның бәрін ел ішінде өңдеуге мүмкіндік беретін технологияны өндіріске қоспақшы.

Үкімет
Үкімет

Бұл туралы Үкімет отырысында Өнеркәсіп және құрылыс министрінің орынбасары Олжас Сапарбеков мәлім етті.

- Solidcore Resources компаниясының автоклав өндіріс жобасы құрамында мышьяк мөлшері жоғары, қиын байытылатын алтын бар кендерді өңдеуге мүмкіндік береді. Бұл жоба қазір экспортталып жатқан барлық шикізатты елімізде өңдеуге жол ашады. Инвестиция көлемі шамамен 300 млн доллар, ал жоба қуаты – жылына 15 тонна алтын, - деді вице-министр.

Тегтер: