Ел аумағынан ағаш материалдарының жекелеген түрлерін әкетуге тыйым салынады

17 Қараша 2025

Ел аумағынан ағаш материалдарының жекелеген түрлерін әкетуге 6 айға тыйым салынады. Тыйым салу Өнеркәсіп және құрылыс министрінің бұйрық жобасында көзделген.

pixabay.com
pixabay.com

- Осы бұйрықпен ЕАЭО СЭҚ ТН 4406910000 «Теміржол немесе трамвай жолдарына арналған қылқан жапырақты тұқымдардан жасалған ағаш шпалдар, өзгелер» кодын және шыққан елі Қазақстан Республикасы саналатын ЕАЭО СЭҚ ТН 4401310000 «Ағаш түйіршектері» кодын қоспағанда, шығарылған еліне қарамастан, Қазақстан Республикасының аумағынан ағаш материалдарының жекелеген түрлерін (Еуразиялық экономикалық одақтың Сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасының коды 4401, 4403, 4404, 4406 және 4407) алты ай мерзімге көліктің барлық түрімен әкетуге тыйым салу енгізіледі, – делінген құжатта.

Отандық ағаш өңдеу өнеркәсібін дамыту мақсатында әзірленген бұйрық жобасы 19 қарашаға дейін қоғамдық талқылауға шығарылып отыр.

Тегтер: