Елена Рыбакина алғаш рет Уимблдон турнирінің чемпионы атанды
                                        9 Шілде 2022
                                    
                                Сүйінші!
Қазақстанның нөмірі бірінші ракеткасы Елена Рыбакина «Уимблдон» теннис турнирінің жеңімпазы атанды.
Елена Рыбакина «Уимблдон» финалында әлемнің екінші ракеткасы Онс Жаберді 3:6, 6:2, 6:2 есебімен жеңді.
Сонымен ол халықаралық теннистен Қазақстан тарихындағы алғашқы чемпион атанды.
@lenarybakina тарихи жеңісімен құттықтаймыз!