Елімізде 15 мыңнан астам адам баспана кезегіне жете алмай қайтыс болған
22 Қараша 2023
Бұл туралы Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев айтты.
«Баспана кезегінде тұрған 646 мың адамның 232 мыңы кезектен шығарылады. Оның көбі – 90 мың адам бұған дейін пәтер иесі болған. Олар заң бойынша баспанадан үмітті бола алмайды. Тіпті бес жылдық мерзім аясында да оларға баспана беруге хақымыз жоқ», – деді ол.