Елімізде барлық мемлекеттік балабақшада оқу-тәрбие тек қазақ тілінде берілуі мүмкін
6 Маусым 2023
Бұл туралы Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев мәлім етті.
«Бүгінде елімізде 11 мыңнан астам балабақша бар. Оның жартысы — мемлекеттік мектепке дейінгі білім беретін мекемелер. Біз қазақ тілді балабақшаға сұраныстың артып жатқанын байқап отырмыз. Қазіргі уақытта мектепке дейінгі білім департаменті барлық мемлекеттік балабақшаны қазақ тілінде тәрбие беруге көшіру жағын қарастырып жатыр. Бүгінде департамент қанша балабақша барын, оның қаншасы қазақ тілінде екендігін нақтылап жатыр», — деді ол.