Елімізде мемлекеттік туды балкондар мен үй-жайларға ілуге рұқсат етілмек
13 Қыркүйек 2023
Туризм және спорт министрлігі Мемлекеттік Туды пайдалану ережелеріне өзгеріс енгізбек.
Ашық талқыға шығарылған Үкімет қаулысына сай, енді Туды балкондарға ілуге рұқсат етіледі.
«Жеке тұлғаларға тиесілі ғимараттарда, үй-жайларда (үй-жайлардың бөлігінде, балкондарда) Мемлекеттік Ту көлбеу түрде (45 градустан аспайтын болуы тиіс), 3 метрден төмен емес биіктікте орналастыруға рұқсат етіледі. Мемлекеттік Ту 1х2 метр өлшемде болуы тиіс», — делінген Ашық НҚА порталында жарияланған Үкімет қаулысының жобасында.