Елімізде жаңа бес министрлік құрылды
1 Қыркүйек 2023
Мемлекет басшысының Жарлығымен:
— Қазақстан Республикасының Су ресурстары және ирригация министрлігі;
— Қазақстан Республикасының Көлік министрлігі;
— Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрлігі;
— Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі;
— Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі құрылды.