Еліміздің мемлекеттік құпиялары басқа елдерге қатаң түрде Үкіметтің шешімімен беріледі
Қазақстанда мемлекеттік құпияларды және оларды тасымалдаушыларды шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдарға беру ережелері өзгертілді. Тиісті қаулыны ҚР Үкіметі жариялады.
«Осы қағидаларда мемлекеттік құпияларды шет мемлекеттерге және (немесе) халықаралық ұйымдарға беру оларды шет мемлекетке немесе халықаралық ұйымға ресми жолмен жеткізуді білдіреді», — делінген құжатта.
Мемлекеттік құпияларды беру мемлекеттік құпияларды қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның оларды беру мүмкіндігі мен орындылығы туралы сараптамалық қорытындысы болған кезде ҚР Үкіметінің шешімі бойынша жүзеге асырылады. Бастысы, Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға қайшы келмеуі керек.
Сондай-ақ, мемлекеттік құпияларды беру үшін міндетті түрде төмендегі халықаралық шарттарды жасау қажет:
1) Қазақстан Республикасының және шет мемлекеттің құзыретті органдары және (немесе) мемлекеттік құпияларды алуға (беруге), сақтауға және пайдалануға уәкілетті халықаралық ұйымның мемлекеттік құпияларды пайдалана отырып жұмыстарды жүзеге асыруға құқығы бар-жоғын;
2) Қазақстан Республикасындағы және шет мемлекетте және (немесе) халықаралық ұйымдағы берілген мемлекеттік құпиялардың құпиялық санаттарының (дәрежелерінің) арақатынасы, берілген мемлекеттік құпиялардың құпиялылығын өзгерту немесе алып тастау тәртібі;
3) салыстырмалы құпиялық белгілері бар берілген мемлекеттік құпияларды қабылдаушы тараптың құзыретті органдарының белгілеуіне, оның ішінде оларды аудару, көшіру немесе көшіру кезінде қойылатын талаптар;
4) мемлекеттік құпияларды беру тәртібі, тасымалдау (экспедициялау) әдістері, алып жүру нысаны;
5) берілген мемлекеттік құпияларды көшіру немесе көбейту, жою және қайтару тәртібін;
6) қабылдаушы тараптың заңнамасына сәйкес берілген мемлекеттік құпияларды қорғау жөніндегі міндеттемелер;
7) берілген мемлекеттік құпияларды беруші тараптың алдын ала жазбаша келісімінсіз үшінші тұлғаға таратпау жөніндегі міндеттемелер;
8) жанжалды жағдайларды шешу және берілген мемлекеттік құпияларды рұқсатсыз таратудан болуы мүмкін залалды өтеу тәртібі.
Сонымен қатар, қаулыға сәйкес, мемлекеттік құпияларды беру халықаралық шарттарға сәйкес дипломатиялық арналар, курьерлік қызмет немесе құжаттық шифрланған бай