Елімізде 18,4 млн тонна астық бастырылды

29 Қыркүйек 2025

Еліміздің өңірлерінде егін жинау науқаны әлі жалғасып жатыр. Дәнді және дәнді-бұршақты дақылдардың болжамды жинау алаңы 16 млн гектардан асады. Бұл туралы АШМ баспасөз қызметі мәлім етті.

Pixabay.com
Pixabay.com

Бүгінгі таңда 12 млн гектар немесе жалпы егіс алқаптарының 74,9%-ы жиналды. Нәтижесінде 18,4 млн тонна астық бастырылды. Дәнді дақылдардан бөлек, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер 1 млн тонна майлы дақыл, гектарына 227,4 центнер өнімділікпен 2,1 млн тонна картоп және гектарына 298,1 центнер өнімділікпен 3 млн тонна көкөніс жинады.

Атап айтқанда, 322,7 ц/га өнімділікпен 413,7 мың тоннадан астам қырыққабат, 417,0 ц/га өнімділікпен 762,3 мың тонна пияз, сондай-ақ 289,5 ц/га өнімділікпен 313,4 мың тонна сәбіз жиналды. Егін жинау науқаны ұйымдасқан түрде, агротехникалық талаптарға сай мерзімде өтіп жатыр.

Тегтер: