Елімізде азаматтық және мемлекеттік авиация ұшақтарын жөндеу орталығын ашу маңызды — Роман Скляр

30 Шілде 2025

Роман Скляр Airbus-тың Еуропа бойынша президенті Жоан Пелисьемен авиация саласындағы ынтымақтастықты дамыту жайын талқылады. Бұл туралы Көлік министрлігі мәлім етті.

Көлік министрлігі
Көлік министрлігі

Премьер-министрдің бірінші орынбасары Airbus-тың Еуропа аймағындағы президенті Жоан Пелисьемен кездесу өткізді.

Еуропалық Airbus компаниясы — әлемдегі ең ірі авиакомпаниялардың бірі. Талқылау барысында Роман Скляр Үкіметтің авиация саласын дамыту, оның ішінде әуе кемелері паркін жаңарту бойынша жүргізіп жатқан жұмыстары туралы айтып өтті. Еліміздің аумағында азаматтық және мемлекеттік авиация ұшақтарын жөндеу мен қызмет көрсету орталығын ашу қажеттілігіне ерекше назар аударылды.

Кездесу кезінде бірінші вице-премьер еуропалық компания өкілдеріне ынтымақтастықты одан әрі дамытудағы ниеті үшін, сондай-ақ авиация саласында бірлескен жобаларды жүзеге асыру перспективалары үшін алғыс білдірді.

Жиын қорытындысы бойынша мемлекеттік органдар мен ұйымдарға еуропалық компанияның бастамаларын пысықтау бойынша бірқатар тапсырмалар берілді.

Тегтер: