Елімізде электр энергиясын өндіру көлемі артты

12 Наурыз 2026

Елдің энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету тұрақты қарқын алып келеді. 2025 жылдың қорытындысы бойынша электр энергиясын өндіру көлемі 123,1 млрд кВт/сағ-қа жетті. Бұл жоспарланған көрсеткіштен 4,4%-ға жоғары. Бұл туралы Энергетика министрлігі хабарлады.

Энергетика министрлігі
Энергетика министрлігі

Салыстырмалы түрде айтсақ, генерация көлемі 106 млрд кВт/сағ болған 2019 жылдан бері энергия өндіру 16%-ға өсті, бұл саланың жоспарлы дамуын растайды.

2025 жылғы оң нәтиже Текелі энергия кешені мен Топар ГРЭС-інің нысандарын қоса алғанда, жалпы қуаты 166 МВт болатын дәстүрлі генерацияның жаңа жобаларын іске қосумен бекітілді.

2026 жылы өндіріс көлемін әрі қарай 126,5 млрд кВт/сағ-қа дейін арттыру жоспарланып отыр.Бұл ретте негізгі өсім қуаттылығы 2,4 мың МВт болатын жаңа нысандарды пайдалануға беру есебінен қамтамасыз етіледі.

Жылдың негізгі жобаларына Қызылордадағы 240 МВт және Түркістандағы 1000 МВт бу-газ қондырғыларын іске қосу, Алматыдағы жиынтық қуаты 1100 МВт-тан астам 2-ЖЭО мен 3-ЖЭО-ны жаңғырту, сондай-ақ Атырау мен Текелідегі қуаттарды кеңейту жұмыстары кіреді.

Тегтер: