Елімізде жұмыссыздар VR-технологиялары негізінде оқытылмақ
Биыл жұмыссыздар VR-технологиялары негізінде оқытылады. Бұл жайында Сенат депутаттарының сауалына Премьер-Министр Олжас Бектеновтің жауабында айтылған.

- 2025 жылы жұмыссыздарды VR-технологиялары (жұмыссыз азаматтарға практикалық дағдыларын шыңдауға мүмкіндік беретін арнайы жабдықталған кабинеттер) негізінде оқыту бойынша пилоттық жоба жоспарланған. Мансап орталықтарында (Қонаев, Өскемен, Түркістан, Астана және Шымкент қалалары) оқытуды ұйымдастыру үшін 5 VR-курсы («Еңбек қауіпсіздігі және қорғау негіздері», «Дәнекерлеу ісінің негіздері», «Слесарлық істің негіздері», «Токарлық істің негіздері», «Кондитерлік істің негіздері») сатып алынып жатыр, - деді Үкімет басшысы жауабында.
Сонымен қатар ол «Жобалардың инновациялық навигаторы» цифрлық платформасы енгізілгенін атап өтеді.
- Ол мемлекеттік инвестициялардың тиімділігін арттыру, инвестициялық жобаларды кешенді мониторингтеу, мердігерлер қызметін бақылау мен жұмыс орындарын құру көрсеткіштерін бағалауға арналған, - деді Олжас Бектенов.