Елордада Халықаралық йога күніне орай ашық жаттығу өтеді

20 Маусым 2025

Елордада 21 маусымда 11-ші Халықаралық йога күні – #IDY2025 аталып өтеді. Мереке Ботаникалық бақта өтеді, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.

Астана әкімдігі
Астана әкімдігі

Іс-шара таңғы сағат 6:00-де басталады. Оған қала тұрғындары мен қонақтары да қатыса алады.

Мерекелік бағдарламада Үндістаннан келген тәжірибелі жаттықтырушылармен бірге жаттығу, сондай-ақ қатысушыларға арналған сыйлықтар мен сертификаттар қарастырылған.

Ашық жаттығуға қатысу үшін өзіңізбен бірге йогаға арналған төсеніш пен бас киім ала келу керек.

Іс-шараны ұйымдастырушылар – Астанадағы Үнді мәдени орталығы және Yoga Family Astana. Ол Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен өтеді.

Қосымша ақпарат @iccr_astana Instagram парақшасынан алуға болады.

Тегтер: