Елордада LRT рельсінің 25 пайызы төселді

2 Мамыр 2025

Астанада LRT желісінің құрылысы жалғасып жатыр. Бұл туралы City Transportation Systems (CTS) ұйымының баспасөз қызметі хабарлайды.

Астана әкімдігі
Астана әкімдігі

- LRT желісі жолының жоғарғы құрылысын салу жұмыстары 25% аяқталды. Бүгінде 22,4 шақырымдық екі жолақты рельстің 5,6 шақырымы төселді. Нысанға арнайы техникалар, яғни маневрлік тартқыш, рельсті экскаватор, сорғысы бар бетон араластырғыш, консольді кран және платформалар жеткізілді, - делінген хабарламада.

Құрылыс барысында шу мен діріл деңгейін төмендететін заманауи DTVII2-1 рельс бекіту жүйесі қолданылады. Бұл жүйенің артықшылықтары, шуды 5–10 дБ-ге дейін азайтуға, жоғары тозуға төзімді және әртүрлі жағдайға бейім.

Өткен жылы №116 және №117 станциялар арасындағы эстакада бөлігінде алғашқы 500 метр жол төселді. Бұл тестілеу кезеңінде, жеңіл рельстің қысқы ауа райында төзімділігін бақылауға мүмкіндік берді.

Тегтер: