Енді жастарға энергетикалық сусын сатуға тыйым салынбақ

26 Қыркүйек 2023

Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният айтты.

Енді жастарға энергетикалық сусын сатуға тыйым салынбақ

Елімізде ересектердің 21 пайызы темекі тартады, жасөспірімдердің 10 пайызы вейптерді тұрақты түрде шегеді. Ал энергетикалық, тәтті сусындарды 17,5 пайызы тұтынады.

«Темекі тұтынуды азайту үшін 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап темекі өнімдеріне акциздің ставкалары көтерілді. Тұтынудың электрондық жүйелерінің (вейптер), олар үшін хош иістендіргіштер мен сұйықтықтардың айналымына толық тыйым салуды енгізу бойынша Мәжілісте Заңға өзгерістер қарастырылды. 21 жасқа дейінгілерге энергетикалық сусындарды сатуға тыйым салуды енгізу жөніндегі норманы талқылау рәсімі жүргізілуде», — деді ол.

Тегтер: