Еркебұлан Еңсегенов таеквондодан Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды

21 Мамыр 2026

Еркебұлан Еңсегенов таеквондодан 2026 жылғы Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды. Бұл туралы ҰОК хабарлады.

Қазақстан таеквондо федерациясы
Фото: Қазақстан таеквондо федерациясы

Қазақстан құрамасы таеквондодан 2026 жылғы Азия чемпионатында алғашқы медаліне қол жеткізді.

Еркебұлан Еңсегенов құрлық біріншілігінің қола жүлдегері атанды.

Қазақстандық таеквондошы 54 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде жүлде еншіледі. Ол жартылай финалға дейін жетіп, бұл кезеңде иорданиялық Джафар Альдаудқа есе жіберді.

Осылайша, Еңсегенов Азия чемпионатын үшінші орынмен аяқтады.

Тегтер: