Ерлан Ақкенженов: Елде орнатылатын 4 млн «ақылды есептегіш» 57 млрд теңгені үнемдейді
28 Қазан 2025
Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов Үкімет отырысында электр энергиясын есепке алудың зияткерлік жүйесі кеңейтілетінін айтты.
- Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғыртудың Ұлттық жобасын (ЭКСЖ) іске асыру шеңберінде электр энергиясын есепке алудың зияткерлік жүйелерін қамту үлесін ұлғайту жоспарланып отыр.
Осыған байланысты Ұлттық жоба шеңберінде электрмен жабдықтаудың 27 субъектісін шамамен 4 миллион «ақылды» есепке алу аспаптарымен жарақтандыру жоспарланған, - деді ол.
Ерлан Ақкенженов осының арқасында электр энергиясының нормативтік шығындарын азайту есебінен 57 млрд теңге үнемделетінін айтады.
Похожие новости