«Ертіс» футбол клубының ойыншылары референдумде дауыс берді

6 Қазан 2024

Осы аптада Қазақстан футболының Бірінші лигасына өткен павлодарлық "Ертіс"-ің спортшылары сайлау учаскесіне ойын формасын киіп келді.

Ертіс ФК
Ертіс ФК

Төрт бірдей футболшы Естай атындағы мәдениет сарайында орналасқан №11 сайлау учаскесіне келді. Владимир Воменко тіркеу орны бойынша дауыс берді, ал, Павлодар облысының өзге елді мекендерінде тұратын Мейрамбек Еренғайып, Изат Құлжанов және Қанат Баязит есептен шығару куәліктері бойынша таңдауларын жасады. Футбол клубында АЭС құрылысы бойынша референдумнан тыс қалмайтындарын айтты.

Ертіс ФК
Ертіс ФК

 Біздің жігіттердің біразы бүгін Павлодарда дауыс беру үшін әрі жаттығулардан қалып қоймау мақсатында тұрақты тіркеу орындарынан есептен шығару куәліктерін алды, - деп атап өтті футбол клубының жаттықтырушысы Григорий Сартаков. - Еліміздің әр азаматы дауыс беріп, өз таңдауын жасауы тиіс деп есептеймін. Бұл әр қазақстандықтың борышы.

«Ертіс» футболшылары ойын формасымен келіп, дауыс берушілердің алдында доп ойнап, сайлауға келгендердің көңілін көтерді.

Естеріңізге сала кетейік, өткен маусымда Екінші лигада ойын ойнаған «Ертіс» футбол клубы осы аптада дивизион чемпионы атанып, еліміздің Бірінші лигасында ойнау құқығына ие болды.

Тегтер: