Франция бұған дейін ел экономикасына шамамен 18,7 миллиард долларға жуық инвестиция салған

1 Қараша 2023

Мемлекет басшысы Эмманюэль Макронмен кеңейтілген құрамда келіссөз жүргізді.

Франция бұған дейін ел экономикасына шамамен 18,7 миллиард долларға жуық инвестиция салған

Қасым-Жомарт Тоқаев Франция Президентінің Астанаға алғашқы сапары екіжақты қарым-қатынасты дамытуға тың серпін беретінін және көпжақты ынтымақтастықты мүлде жаңа деңгейге шығаруға мүмкіндік жасайтынын атап өтті.

«Франция – Қазақстанның Еуропа Одағындағы маңызды әрі сенімді серіктесі. Былтыр өзара тауар айналымы 30 пайызға өсіп, 4 миллиард долларға жетті. Биылғы сегіз айда екіжақты сауда-саттық көлемі өткен жылмен салыстырғанда 21 пайызға артты, яғни 2,7 миллиард долларды құрады», – деді Президент.

Келіссөз барысында тараптар жасыл энергетика, логистика, транзит, ауыл шаруашылығы, денсаулық сақтау, цифрландыру және білім беру салаларындағы алдағы ықпалдастықтың басым бағыттарын айқындады.

Тегтер: