Футболдан Бірінші лигада «Каспий» сырт алаңда ірі есеппен жеңді
Бүгін футболдан Бірінші лигада XV турының алғашқы ойын күні өтті.

Бұл турда ақтаулық «Каспий» сырт алаңда Шымкенттің «Академия Оңтүстік» командасын 6:1 есебімен тізе бүктірді.
Кездесу барысында ақтаулық клубтан Мирас Тұрлыбек 1, 53, 69, Бекзат Қабылан 68, Едіге Оралбай 81, Жақып Қожамберді 87-минутта гол соқса, оған шымкенттік командадан Мағжан Тоқтыбай 51-минутта бір голмен жауап қайырды.
Сондай-ақ тағы бір кездесуде павлодарлық «Ертіс» сырт алаңда Алматының «Қайрат-2» командасын 3:0 есебімен жеңсе, «Ақтөбе-2» өз алаңынла Павлодар облысының «Екібастұзына» 2:5 есебімен есе жіберді.
Ал 25 шілдеде «Алтай» (Өскемен) мен «Тараз», «Жетісай» (Түркістан облысы) мен «Түркістан», «Шахтер» (Қарағанды) мен «Хан тәңірі» (Алматы), AKAS (Алматы) пен «SD Family» (Астана) ойнайды.Турнир кестесінде алғашқы екі орынға ие болған командалар алдағы жылы Премьер-лигаға қатысуға тікелей жолдамаға қол жеткізеді.