Футзалдан Қазақстан құрамасы Вьетнаммен жолдастық кездесу өткізеді

6 Сәуір 2025

Футзалдан Қазақстан құрамасы 13-15 сәуір күндері Вьетнаммен екі жолдастық кездесу өткізеді.

Қазақстан футбол федерациясы
Қазақстан футбол федерациясы

Қазақстан футбол федерациясының хабарлауынша, FIFA күнтізбесіне сәйкес ұлттық құрама 8-16 сәуір аралығында оқу-жаттығу жиынын ұйымдастырады. Олар оқу-жаттығу жиыны аясында Вьетнаммен шеберлік байқасады. Екі кездесу сол елдің астанасы Хошимин қаласында 13-15 сәуір күндері болады.

Оқу-жаттығу жиыны 8 сәуірде Астанада басталады. Оған 14 ойыншы шақыртылған:

Қақпашылар: Лео Игита («Семей»), Қанат Жеткірбаев («Ақтөбе»)

Алаңдағы ойыншылар: Азат Валиуллин («Аят»), Ерсұлтан Сағындықов («Аят»), Иван Марахов («Аят»), Жахангир Рашит («Қайрат»), Дамир Қайырбай («Қайрат»), Ақжол Дәрібай («Семей»), Ержан Карменов («Семей»), Әбдірәсіл Абдуманапұлы («Семей»), Альберт Ақбалықов («Ақтөбе»), Сайфулла Қоспанов («Ақтөбе»), Нұрсұлтан Пиялы («Ордабасы»), Александр Дерябин («Тюмень», Ресей).

10 сәуір күні футзалдан Қазақстан ұлттық құрамасы Вьетнамға аттанады.

Тегтер: