Халықаралық киберспорт федерациясының президенті «Болашақ ойындары» аясында Астанаға келді
27 Шілде 2026
Әуежайда құрметті мейманға қазақтың ұлттық тағамдары ұсынылды.
Туризм және спорт министрінің орынбасары Серік Жарасбаев «Болашақ ойындары – 2026» халықаралық турнирі аясында елордаға келген Халықаралық киберспорт федерациясының президенті Влад Маринескуді Астана халықаралық әуежайынан қарсы алды.
Влад Маринеску ұлттық ас мәзірінен дәм татып, қазақ халқының қонақжайлық дәстүрімен танысты.
Астанада өтетін «Болашақ ойындары – 2026» спорт, технология және инновацияны тоғыстырған әлемдік деңгейдегі бірегей халықаралық жарыс болмақ.
Айта кетейік, халықаралық турнир 29 шілде мен 9 тамыз аралығында Астанада өтеді.