Илон Масктың компаниясы адам миына Neuralink имплантын орнатты

30 Қаңтар 2024

28 қаңтарда Илон Масктың Neuralink нейротехнологиялық компаниясы алғаш рет адам миына имплант салды. Бұл туралы ТАСС ақпарат агенттігі жазды. 

Илон Масктың компаниясы адам миына Neuralink имплантын орнатты

«Neuralink импланты бірінші рет адам миына салынды, оның қалпына келуі [отадан соң] жақсы жүріп жатыр», — деп жазды Маск X (бұрынғы Twitter) әлеуметтік желісіндегі парақшасында.

Кәсіпкердің атап өтуінше, Neuralink компаниясының алғашқы өнімі Telepathy деп аталады. Бұл чип мүмкіндігі шектеулі адамдардың телефон мен компьютерді ой күшімен басқаруына мүмкіндік береді.

«Бұл чиптің ең бірінші пайдаланушылары алғашқы пайдаланушылары аяқ-қолдарын басқару қабілетінен айырылған адамдар болады», — дейді Маск.

Оның айтуынша, аталмыш құрылғының көмегімен мүмкіндігі шектеулі адамдар өз ойын тез жеткізе алатын болады.

«Стивен Хокингтің жылдам мәтін теруші құрылғыдан да тез сөйлегенін елестетіп көріңізші. Керемет емес пе?! Біз осы мақсатқа жетуді көздейміз», — деп жазды миллиардер.

Маск Neuralink стартапын 2016 жылдың шілдесінде құрған және ол болашақта адам миына имплантациялануы мүмкін чиптерді әзірлеп жатыр.

Кәсіпкердің пікірінше, мұндай нейроинтерфейстер адамға жасанды интеллектіге қарсы тұруға қабілетті киборгқа айналуға мүмкіндік береді, сонымен қатар ой күшін пайдаланып компьютерді тікелей басқаруды үйренуге көмектеседі.

Тегтер: