Иран мен Әзірбайжан арасында соғыс өрті тұтанғалы тұр
Иран Әзірбайжан маңындағы шекараға әскери техникасын жеткізуді бастады.
⠀
Еуроодақ елдері Армения мен Әзірбайжанды түйіспе сызығында қақтығысты тоқтатуға шақырды.
⠀
Иран Ислам революциясы Сақшылар корпусы Таулы Қарабақтағы жағдайдың шиеленісуі шеңберінде өз техникаларын Әзірбайжан маңындағы шекараларға жылжыта бастағаны туралы желіде бейнежазба тарады.
⠀
2022 жылы наурызда Ислам революциясы Сақшылар корпусы көрші мемлекеттер шекарасындағы өзгерістерге шыдамайтынын, сондықтан «Арменияға кез келген әскери басқыншылық Иран Қарулы күштерінің реакциясына тап болатынын» ескертті.
⠀
Еске сала кетейік, Иран мен Әзірбайжан шекарасының 400 шақырымы ортақ.
⠀
Әзірбайжан шекарасына Иран әскери техникасын әкеліп жатқаны туралы ресми мәлімдеме таралған жоқ.
⠀
3 тамызда Таулы Қарабақ басшысы Араик Арутюнян аймақтағы жағдайдың шиеленісуіне байланысты ішінара әскери жұмылдыру жариялады.
⠀
Әзірбайжан әскері операция жүргізгенін хабарлады. Қарсыласу сызығының солтүстік-батыс бағытында ресейлік бітімгершілік контингентінің жауапкершілік аймағында әзірбайжандық бөлімшелер гранатометтерді және соққы беретін ұшқышсыз ұшақтарды пайдаланды.
Қорғаныс министрлігі мәліметінше, 14 армян әскери қызметкері жараланып, біреуі қаза тапқан.