Ірі салық төлеушілерге әкімшілік жауапкершілік күшейеді
13 Ақпан 2024
Мемлекеттік қазынаны арттыру мақсатында Қаржы министрлігі бірнеше шараны іске асырғалы жатыр.
Үкімет отырысында Премьер-Министр Олжас Бектенов Қаржы министрі Мәди Такиевке: Мемлекеттік бюджетті арттыру қандай шаралар қабылданып жатыр? деген сұрақ қойды.
«Біріншіден, мемлекеттік кірістер комитетіне валюталық бақылау бойынша жаңа функция берілді. Сондай-ақ, трансферттік баға туралы жаңартылған заң аясында және жаңа функцияға сәйкес біз ірі салық төлеушілердің әкімшілігін күшейтетін боламыз. Екіншіден, цифрландыру есебінен салық базасын кеңейтетін боламыз. Біз үшін басымдық салық тәртібін арттыру болып қала береді», — деп жауап берді министр.
Бұған дейін Қаржы министрі биыл қаңтарда мемлекеттік бюджетке 1 трлн теңге түскенін айтқан еді.