Қайрат Боранбаев түрмеден босатылатын болды
20 Қазан 2023
Сот Боранбаевтың өтінішін қанағаттандырып, жазаның өтелмеген бөлігі бас бостандығын шектеуге ауыстырды.
Жазаны ауыстыру кезінде сот келесі жағдайларды ескерді:
— сотталған адам заңда белгіленген жаза мерзімінің 1\3 бөлігін (2 жыл 4 ай 5 күн) өтеген;
— кінәлі мемлекетке келтірілген залалды толығымен өтеді, тергеумен белсенді жұмыс істеді және жасаған ісіне өкінеді;
— қамауда болған кезеңде оң сипатталды.
Мекеме әкімшілігі тиісті құжаттарды ұсынды және өтінішті қолдады.