Қайрат Сатыбалды ісі: Антикор 44,6 млрд теңге қаражатты қайтарды
8 Ақпан 2024
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Қайрат Сатыбалдыұлына қатысты істі тергеу шеңберінде елге жыл басынан бері 44,6 млрд теңге қайтарды.
«Қазіргі уақытта қаражат мемлекетке келтірілген залалды өтеу есебінен республикалық бюджетке жіберілді», – делінген хабарламада.