«Камызяки» тобының Қазақстандағы концерті өтпейтін болды

14 Қыркүйек 2023

Бұл туралы VI Project продюсерлік орталығы хабарлады.

«Камызяки» тобының Қазақстандағы концерті өтпейтін болды

Бұған «Камызяки» ұжымының қоғамдық резонанс тудырған әрекеттері себеп болған.

«VI Project және Live Event ұйымдастырушылар тобы «Камызяки» ұжымының Қазақстандағы концерттерін өткізбеу жөнінде шешім қабылдады», — делінген орталықтың желідегі парақшасында.

Еске сала кетейік, «Камызяки» ұжымының концерті 5-8 қазан аралығында Алматы мен Астана қалаларында өтуі керек болатын.

Тегтер: