Қандас мәртебесін беру тәртібі қайта қаралады

12 Мамыр 2025

Премьер-министр Олжас Бектенов 2025 жылғы 25 сәуірдегі № 68 қандас мәртебесін беру тетігін өзгерту бойынша ұсыныстар әзірлеу үшін жұмыс тобын құру туралы өкімге қол қойды.

qandastar.kz
qandastar.kz

— Осы өкімге қосымшаға сәйкес құрамда қандас мәртебесін беру тетігіне заңнамалық түзетулер енгізу жөніндегі ұсыныстар әзірлеу үшін жұмыс тобы құрылсын. Жұмыс тобы 2025 жылғы 30 мамырға дейін мерзімге қандас мәртебесін беру тәртібін қайта қарау бойынша заңнамалық түзетулер әзірлесін және оларды Қазақстан Республикасының Үкіметі аппаратына енгізсін, — делінген өкім мәтінінде.

Өкімнің орындалуын бақылау және жетекшілік ету Премьер-министрдің орынбасары Ермек Көшербаевқа жүктелді.

Қандас мәртебесін беру тетігіне заңнамалық түзетулер енгізу жөніндегі ұсыныстар әзірлейтін жұмыс тобының құрамы:

— Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары, басшы;
— Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі, басшының орынбасары;
— Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Көші-қон комитетінің төрағасы, хатшы;
— Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары (келісімі бойынша);
— Қазақстан Республикасының Әділет вице-министрі;
— Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім вице-министрі;
— Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі;
— Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат вице-министрі;
— Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту вице-министрі;
— Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары;
— Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министрі;
— Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі;
— Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары;
— Қазақстан Республикасы Үкіметі Аппаратының Әлеуметтік даму бөлімінің меңгерушісі;
— облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана әкімінің орынбасарлары.

Тегтер: