Қаңтар оқиғасына қатысқандардың жартысынан көбі жастар

20 Мамыр 2022

«Қасіретті қаңтар» оқиғасы жағдайы жасалмаған жастардың проблемасы қаншалықты өзекті екенін көрсетіп берді. Сол кезде көшеге шыққан жастардың көбінің сапалы білімі, тұрақты жұмысы және табысы болмағаны белгілі.

Бұл туралы Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев бүгін парламенттің тыңдау сағатында мәлімдеді.

«Ең алдымен, қолжетімді әрі сапалы біліммен қамтамасыз ету мәселесі. Қазір қалалық және ауылдық мектептердегі білім сапасында айтарлықтай алшақтық бар екені жасырын емес. Оны Ұлттық бірыңғай тестілеудің нәтижелері де көрсетіп отыр. Пандемия кезінде интернетке қолжетімділік қала мен ауылда біркелкі болған жоқ. Оның салдары алшақтықтың тағы да ұлғаюына әкеліп соқтырды. Ал, сапалы білімнің тең дәрежеде қолжетімді болмауы әлеуметтік теңсіздіктің ең басты себептерінің бірі екені сөзсіз», — деді Сенат төрағасы.

Алдағы уақытта жастардың тұрақты жұмыспен қамтылуы бірінші орынға қойылатын болады.

Қаңтар оқиғасына қатысқандардың жартысынан көбі жастар
Тегтер: