Қаңтарда Дикий Арманды Түркиядан Алматыға арнайы ұшақпен алдыртқан

10 Шілде 2022

Заңгер Абзал Құспанның болжамынша, қылмыс әлемінің серкесі саналған Арман Жұмагелдиевті Түркиядан Алматыға арнайы ұшақпен алдыртқан.

Бұл жайында ол «Сұрауы бар» YouTube арнасына берген сұхбатында айтты.

– Ол өздігінен ұшып келе алмайды. Билік органдарының арнайы ұшағымен алдырылды деген әңгіме бар. Әйтпесе, әдеттегі ұшаққа билет алып, Алматыға ұшып келе алмайды. Өйткені, ол іздеуде ғой. Шекара бекеттерінде оған «қызыл жалауша» тұрды. Ол құжатын көрсеткен бойда қамауға алынуы керек. Оның Түркияда тұрғанын, бәрін білеміз. Қаңтар оқиғасы кезінде ел ортасында жүрді. Қолына қару ұстаған. Айналасында да сондай адамдар жүрді, – дейді Абзал Құспан.

Сөз соңында ол «Дикий Арманның» жігіттері тек Алматыда болған жоқ. Барлық өңірде жүрді. Негізгі міндеті – арандату» болғанын айтты.

Қаңтарда Дикий Арманды Түркиядан Алматыға арнайы ұшақпен алдыртқан
Тегтер: