Қарағанды облысы өкілдері "Жастар таза Қазақстан үшін" акциясына қолдау білдірді
Қарағанды облысында "Жастар таза Қазақстан үшін! " экологиялық акциясы басталды.
Оған бірінші болып Теміртау экобелсенділері қатысты.
100-ден астам ерікті, "Жасыл ел" еңбек жасағының жауынгерлері, КВН командаларының қатысушылары, спортшылар, сондай-ақ ҚХА жастар қанатының өкілдері "Металлург" қалалық стадионының аумағын тазалады. Олар басқаларға үлгі бола отырып, экология мәселелеріне назар аударып, Теміртаудағы қоршаған ортаның жай-күйін жақсартуды көздеп отыр.
– Біздің басты міндетіміз – жастарды экологиялық бастамаларға тарту және ауқымды акцияны белсенді қолдау. Стадионда күн сайын жаттығулар, командалық ойындар өтеді. Street Workout-ойын алаңы кешке спорттың көптеген жанкүйерлерін жинайды. Бүгін біз спортшылар дәл осы жерді тазалауды таңдағанымыз да бекер емес. Тұрғындарды тазалықты қадағалап, спортпен шұғылдануға шақырамыз, – дейді "Тау" спорт клубының еркін күрес бойынша жаттықтырушы-оқытушысы Максим Самцов.
Акцияға қатысушылар санитарлық тазарту аумағын кеңейтеміз деп уәде берді.
– Біздің жастар қозғалысы әрқашан эко бастамаларға қатысады. Біз жастардың тазалық пен қоршаған ортаны қорғауға деген ұмтылысы қалай қалыптасатынын көреміз. Әрі қарай, біз бұл игі істі жалғастырамыз! Тұрғындарды бізге қосылуға шақырамыз, – дейді Теміртау қаласының Жастар ресурстық орталығы директорының міндетін атқарушы Руслан Қожекенов.
"Жастар таза Қазақстан үшін!" – сәуір айының басында Мемлекет басшысының бастамасымен іске қосылған "Таза Қазақстан" республикалық экологиялық акциясының жалғасы. Теміртау бойынша "Таза Қазақстан" акциясына 20 мың тұрғын, 300 ұжым қатысып, саябақтар мен гүлзарлар тазаланып, 15 мың тонна ҚТҚ шығарылды. Сондай-ақ, 5 мыңнан астам түрлі ағаш егілді, тарихи және мәдениет ескерткіштерінің аумақтары жиналды.