Қарағанды облысында көлік теміржолға шығып кетіп, үш адам мерт болды
Жол апаты туралы мәліметтер құқық қорғау органдарына жолданды, деп хабарлайды «ҚТЖ».

- 2025 жылдың 17 қыркүйегінде сағат 00:54-те Ақадыр-Қарағанды учаскесінде Жарық-Дария жол аралығында күзетілмейтін теміржол өткелінде жолаушылар пойызы сағатына 92 км жылдамдықпен келе жатып, алдына Mazda маркілі жеңіл көлігінің шығуына байланысты тежегішті басқан. Өкінішке қарай, пойыз жеңіл көлікті қағып өтті,-делінген компанияның хабарламасында.
Көлік жүргізушісі мен екі жолаушы алған жарақаттарынан мерт болды.
-«ҚТЖ» ҰК» АҚ марқұмдардың туған-туыстарына көңіл айтады және барлық жол қозғалысына қатысушыларды теміржол өткелдерінен өту ережелерін қатаң сақтауға шақырады. Тәуекел деңгейі арта түсетін түнгі уақытта ерекше мұқият болу қажет,-делінге ҚТЖ хабарламасында.