Қарағанды облысында вагон рельстен шығып кетті

2 Ақпан 2025

Кеше, 1 ақпан күні сағат 15:30-да Қарағанды-Сортировочная стансасында жүк пойызы вагондарының бірі рельстен шығып кетті, деп хабарлайды «Қазақстан темір жолы» ҰК» акционерлік қоғамының баспасөз қызметі.

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ
«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ

Баспасөз қызметінің мәліметтеріне қарағанда, болған оқиғадан ешкім зардап шекпеген.

Болжам бойынша, вагонның бір шетіндегі рамасын сынған болуы мүмкін. Вагон өзбекстандық компанияға тиесілі.

Тегтер: