Қарағанды облысында екі қабатты үй опырылып, адамдар үйінді астында қалып қойды
30 Қаңтар 2024
Оқиға Бұқар жырау ауданы Ботақара ауылында (12 пәтерлі тұрғын үйдің екінші қабатында орналасқан №10 пәтерде) орын алған.
Жалпы мұнда 46 адам тұрады, жарылыс кезінде 35 адам болған.
Үйдің ортаңғы бөлігі опырылып түсті.
Үйінді астынан 5 адам шығарылды, оның үшеуі – бала. Олар ауруханаға жеткізілді.