Қарызы бар қазақстандықтар енді жаңа несие ала алмайды
14 Шілде 2022
⠀
Сақтандыру нарығын және бағалы қағаздар нарығын, банк қызметін реттеу мен дамыту туралы заңға Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойды. Өзгерістер азаматтардың қарыздық жүктемесін азайтуға көмектеседі деген ойда.
⠀
Қазақстандағы банктер беретін несиелердің көлемі жыл сайын артып келеді. Сарапшылардың пікірінше, тұтынушылық несиелер 2021 жылы 40 пайызға өскен.
⠀
Несиелік бюроға ақпарат беру мерзімі де қысқарады — 15-тен бір жұмыс күніне дейін. Шағын несие бойынша сыйақының ең жоғары мөлшері, сондай-ақ өсімпұл мөлшері де шектеледі.