Қаржы мониторингі агенттігі азаматтарға арналған WhatsApp-ботты іске қосты
22 Мамыр 2025
Енді ақпаратты түрлі сайттардан іздеудің қажеті жоқ, жай ғана 8-701-00-1458 нөміріне хабарлама жібересіз.

Ол жерден сіз жиі қойылатын сұрақтарға жылдам жауап аласыз, уәкілетті органдардың өзекті байланыс деректерін таба аласыз, нормативтік-құқықтық актілерге қол жеткізесіз.
— Чат-бот арқылы сіз экономикалық құқық бұзу туралы хабарлай аласыз, — делінген хабарламада.