Қасым-Жомарт Тоқаев Ақордада Иордания Королін қарсы алды
27 Тамыз 2025
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ақорда резиденциясында елімізге ресми сапармен келген Иордания Королі II Абдалла бен әл-Хусейнді қарсы алды.

Ақордада елімізге ресми сапармен келген Иордания Хашимит Королдігінің Королі ІІ Абдалла бен әл-Хусейнді салтанатты қарсы алу рәсімі өтті.
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Король ІІ Абдалла бір-біріне делегация мүшелерін таныстырды. Содан соң Құрмет қарауылы ротасының бастығы рапорт беріп, екі елдің мемлекеттік әнұрандары орындалды. Бұдан кейін мемлекеттер басшылары келіссөз өтетін залға барды.
Похожие новости