Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті
6 Наурыз 2025
Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Мемлекеттер басшылары Қазақстан мен Ресей арасындағы қарым-қатынас достық, тату көршілік және одақтастық рухында қарқынды дамып келе жатқанын атап өтті.
Президенттер сауда-экономикалық ықпалдастық мәселелерін талқылады, соның ішінде бұған дейін жоғары деңгейде қол жеткізілген уағдаластықтардың табысты жүзеге асырылып жатқанын мәлімдеді.