Қасым-Жомарт Тоқаев Тәжікстанға мемлекеттік сапармен барды
22 Тамыз 2024
Мемлекет басшысын Душанбе әуежайында Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон қарсы алды.
Сапар аясында шағын құрамда және екі ел үкіметтері делегацияларының қатысуымен жоғары деңгейде келіссөздер өтеді.
Сондай-ақ екі елдің cаяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастығын нығайтуды көздейтін бірқатар құжатқа қол қойылады деп жоспарланып отыр.