Кәсіпқой боксшы Бек Нұрмағанбет қарсыласын нокаутпен жеңді

15 Қыркүйек 2024

Қазақстандық боксшы Бек Нұрмағанбет америкалық Джошуа Конлимен (17-7-1, 11 КО) жекпе-жекті екінші раундта техникалық нокаутпен аяқтады.

Жеке парақшасынан
Жеке парақшасынан

26 жастағы Бек үшін бұл – кәсіпқой бокстағы 12-ші жеңіс.

Оның ішінде 11-інде қарсыласын осылай мерзімінен бұрын жер жастандырып отыр.

Қазақстандық боксшы Канело мен Берланг бокс кешінің андеркартын ашты, бірақ жекпе-жек YouTube тікелей эфирінде көрсетілмеді.

Сауль Альварес «Канело» мен Эдгар Берланг айқасы әлі болып жатыр. Оны мына сілтемеден тамашалауға болады.

Тегтер: