Қасым-Жомарт Тоқаев 69 жасқа толды

17 Мамыр 2022

Бүгін – Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың туған күні, деп хабарлайды menmedia.kz.

Мемлекет басшысы 69 жасқа толды.

Алайда Қасым-Жомарт Тоқаев туған күн тойлағанды ұнатпайды. Бұл туралы Президенттің экс-баспасөз хатшысы Берік Уәли айтқан еді.

«Президенттің жанұясында ешкім атаулы күнді тойламайды», – деді Берік Уәли.

Айта кетейік, ол 1953 жылы 17 мамырда Алматы қаласында туған.

Әкесі – Кемел Тоқайұлы Тоқаев Ұлы Отан соғысының ардагері, белгілі жазушы, қазақ әдебиетінің детективті-шытырман оқиғалы жанрының негізін қалаушы. Анасы – Тұрар Шабарбаева Алматы шет тілдері педагогикалық институтында еңбек еткен.

Қасым-Жомарт Тоқаев 69 жасқа толды
Тегтер: