Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар мемлекеттің елшілерінен сенім грамоталарын қабылдады
6 Қазан 2023
Мемлекет басшысы дипломаттарға еліміз БҰҰ Жарғысының мақсаттары мен қағидаттарына негізделген әділетті әлем орнату тәртібін жақтайтынын айтты.
Президент Қазақстанның экономикалық даму тұрғысынан келешегі зор екенін, елімізді әлемдік экономиканың маңызды бөлігіне айналдыру үшін барлық мүмкіндікті жасайтынын атап өтті.
Мемлекет басшысы салтанатты рәсім соңында елшілерді Қазақстандағы дипломатиялық миссиясының ресми түрде басталуымен құттықтап, екіжақты ынтымақтастықты одан әрі нығайту ісінде табыс тіледі.
Президент сенім грамоталарын тапсырған елшілер мемлекеттерінің басшыларына ізгі тілегі мен сәлемін жолдады.