Қасым-Жомарт Тоқаев отандық бизнес-қоғамдастық өкілдерімен кездесу өткізді

20 Желтоқсан 2023

Жиын барысында ұлттық экономиканы сапалы әрі орнықты дамытудың өзекті мәселелері талқыланды.

Қасым-Жомарт Тоқаев отандық бизнес-қоғамдастық өкілдерімен кездесу өткізді

Атап айтқанда, кәсіпкерлер макроэкономикалық саясат, соның ішінде жаңа Салық кодексін әзірлеуге және экономиканың нақты секторына қолжетімді несие беруге қатысты пікірлерін ортаға салды.

Экономиканың жаңа құрылымын қалыптастыру аясында жүйелі цифрландыру, көлік-логистика саласын белсенді түрде дамыту, агроөнеркәсіп кешенінің әлеуетін толыққанды пайдалану, экономиканы индустрияландыру, әсіресе, отандық автомобиль өнеркәсібін ілгерілету мәселелері көтерілді.

Президент бүгінгі айтылған ұсыныстардың барлығы жинақталып, нақты шаралар қабылданатынын айтты.

Тегтер: