Қасым-Жомарт Тоқаев Режеп Тайып Ердоғанмен кездесті

3 Қараша 2023

Мемлекет басшысы Түркия Президентінің Қазақстанға сапарының мәні зор екенін атап өтіп, бүгінгі кездесу екі елдің көпжақты қарым-қатынасын нығайтуға және Түркі әлемін дамытуға тың серпін беретініне назар аударды.

Қасым-Жомарт Тоқаев Режеп Тайып Ердоғанмен кездесті

Президент саммит барысында көтерген маңызды бастамалары мен салмақты ой-пікірлері үшін Режеп Тайып Ердоғанға алғыс айтты.

Кездесуде Қасым-Жомарт Тоқаев Режеп Тайып Ердоғанды және түрік халқын Түркияның 100 жылдығымен құттықтады.

Сондай-ақ Мемлекет басшысы бауырлас елдің мерейтойына орай Астанада Анадолы көшесін, Шымкентте Түркия даңғылы мен саябағын және Алматыда Мұстафа Кемал Ататүріктің ескерткішін ашу жоспарланып отырғанын айтты.

Тегтер: