Қасым-Жомарт Тоқаев Режеп Тайып Ердоғанмен телефон арқылы сөйлесті

15 Мамыр 2023

Мемлекет басшысы әңгімелесу барысында Режеп Тайып Ердоғанды Түркиядағы президент сайлауының бірінші кезеңінде жеңіске жетуімен құттықтады.

Қасым-Жомарт Тоқаев Режеп Тайып Ердоғанмен телефон арқылы сөйлесті

Сондай-ақ парламенттік сайлауда Әділет және даму партиясы бастаған республикалық альянстың жеткен жетістігін атап өтті.

Сонымен қатар Қазақстан мен Түркия президенттері бауырлас екі ел арасындағы көпжақты ынтымақтастықты одан әрі тереңдету мәселелерін талқылады.

Тегтер: