Қасым-Жомарт Тоқаев Санкт-Петербург қаласында өткен Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің кезекті отырысына қатысты

25 Желтоқсан 2023

Шағын құрамдағы кездесуге Мемлекет басшысымен қатар, Ресей Президенті – Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес төрағасы Владимир Путин, Армения Премьер-Министрі Никол Пашинян, Беларусь Президенті Александр Лукашенко, Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров, Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының төрағасы Михаил Мясникович қатысты.

Қасым-Жомарт Тоқаев Санкт-Петербург қаласында өткен Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің кезекті отырысына қатысты

Мемлекет басшылары Еуразиялық экономикалық одақ аясындағы интеграциялық процестерді одан әрі дамытудың негізгі міндеттері мен басты бағыттарын, ұйымның 2024 жылға арналған халықаралық ынтымақтастық жоспарын талқылады.

Сонымен қатар жиынға қатысушылар ЕАЭО қызметінің жекелеген аспектілері жөнінде пікір алмасты.

Тегтер: