Қасым-Жомарт Тоқаев теннисші Елена Рыбакинаны Брисбен турниріндегі сенімді жеңісімен құттықтады

7 Қаңтар 2024

Бұл туралы Президенттің кеңесшісі әрі баспасөз хатшысы Берік Уәли мәлім етті.

Қасым-Жомарт Тоқаев теннисші Елена Рыбакинаны Брисбен турниріндегі сенімді жеңісімен құттықтады

«Президент Қасым-Жомарт Тоқаев даңқты теннисші, Уимблдон турнирінің чемпионы Елена Рыбакинаны Аустралияда өткен беделді жарыстағы сенімді жеңісімен құттықтап, жаңа белестерді бағындыра беруіне тілектестік білдірді», – деп жазды ол желідегі парақшасында.

Тегтер: