Қазақ-қырғыз үкіметтері арасындағы инвестицияларды көтермелеу туралы келісім ратификацияланды
2 Маусым 2025
Ақорда қазақ-қырғыз үкіметтері арасындағы инвестицияларды көтермелеу туралы келісімнің ратификацияланғанын хабарлады.

- Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасының Министрлер Кабинеті арасындағы инвестицияларды көтермелеу және өзара қорғау туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, - деп жазылған ақпаратта.
Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.