Қазақстан Ауғанстанға гуманитарлық көмек пен құтқарушыларын жібереді
9 Қазан 2023
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес Қазақстан Ауғанстанға көмек көрсетеді.
Гуманитарлық көмек азық-түлік тауарлары, шатыр, дәрі-дәрмек, киім-кешек және басқа да қажетті заттардан тұрады.
Жүк жақын арада әуе және теміржол арқылы жөнелтіледі.
Сонымен қатар Ауғанстанға үйінді астында қалған адамдарды құтқару үшін ТЖМ құтқарушылары, оның ішінде кинолог мамандар жіберіледі.
Еске сала кетейік, 7 қазан күні Ауғанстанда 6,3 балдық жер сілкінісі болды.
Бұл 20 жылдағы ең жойқын зілзала деп бағаланып отыр.
Соңғы мәлімет бойынша апаттан қаза тапқандар саны 2 445 адамға жетті.